Алматыда ойыншық тапанша ұстаған ер адам жол бойында төбелес шығарған
Әлеуметтік желілерде екі ер адамның арасындағы жанжалдың видеосы тарады. Кадрда олардың бірінің қолында тапаншаға ұқсас зат болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Түрксіб аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген тексеру барысында ер адамның қолындағы зат тапанша емес, қару пішініндегі оттық екені анықталды.
"Ер адам дереу ұсталып, оның әрекеттері ұсақ бұзақылық ретінде бағаланды. Алматы мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: