Алматыда қоқысты кофе, пиццаға ауыстыруға болады
15 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында «Қоқысты кофе/снэкке айырбаста» науқаны басталады. Алматы әкімдігінің мәліметінше, акцияға қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Оларға макулатура, пластикалық, алюминий, шыны бөтелкелерін жинау ұсынылады. Алматылықтар қоқысты арнайы орындарға апарып купондарға айырбастап, оған пицца, гамбургер, кофе және донер ала алады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қоқысты қабылдау пункттері:
- Ecosen Байзақов көшесі, 73/1- Ecosen Розыбакиев көшесі, 247/3- Ecosen Нұркент шағын ауданы, 7/1- Kazakhstan Waste Recycling Тимирязев көшесі, 81/3 дүңгіршек- Kazakhstan Waste Recycling 8-ші шағын ауданы, 58а- Kazakhstan Waste Recycling Самал-1 шағын ауданы, 32 дүңгіршек- Kazakhstan Waste Recycling Ақсай-3 шағын ауданы, 1а/1
Қайта өңделетін заттарды мына шартпен купонға айырбастауға болады:
- Кофеге айырбастау үшін 5 кг макулатура (қағаз, картон);- Гамбургерге 3 кг пластикалық бөтелке (ПЭТ бөтелкелері);- Донер немесе додстерге айырбастау үшін 1 кг алюминий банка;- Пицца купонына 10 кг шыны бөтелке.