Алматыда республика тарихында ең алғаш рет ірі кокаин есірткісі тәркіленді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасының халықаралық арнасын жойды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ведомствоның мәліметінше, Алматы қаласында республика тарихындағы ең ірі кокаин есірткісі тәркіленген. Қазақстан арқылы үшінші елдерге жеткізілуі керек болған кокаин есірткісінің cалмағы 13 тонна 183 килограммды құрады.

Есірткі арнасын ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен екі шетелдік азамат ұсталып, қамауға алынды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Алматы Есірткі Қылмыс ұйым

Тақырыпқа жаңалықтар