Алматыда роботакси таныстырылды

Алматыда Yandex Qazaqstan компаниясының роботаксиі таныстырылды. Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алғашқы кезеңде роботакси пилоттық режимде іске қосылып, шектеулі аумақта сынақтан өткізіледі. Бұл тәсіл технологияны қаланың нақты жол жағдайларына бейімдеуге мүмкіндік береді. Компания өкілдерінің мәліметінше, сервисте диспетчерлермен тәулік бойы байланыс орнатылып, барлық сапар сақтандырылады. Пилотсыз көлікті басқару жүйесі жасанды интеллект технологиялары, жол қозғалысын үздіксіз бақылау және қауіпсіздік алгоритмдеріне негізделген.

Жоба сәтті жүзеге асып, жүйенің сенімділігі дәлелденген жағдайда роботакси қызметінің ауқымы кеңейтіледі.

Алматы такси Қызмет Көлік

Тақырыпқа жаңалықтар