Алматыда сейфті троллейбуспен алып кетпек болған күдікті қолға түсті

Қалада бір пәтерден ұрлық жасаған ер адам сейфті алып, қаладағы қоғамдық троллейбусқа отырмақ болған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Қазір оның басқа ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

«Бұл күдіктіні ұстау қызметкерлеріміздің жеделдігі мен үйлесімді жұмысының нәтижесі. Қазір оның өзге де ұқсас фактілерге қатыстылығы тексерілуде. Қылмыстың бұл түрін ашу бойынша жұмыс күнделікті жүргізіледі және біз қала тұрғындарының мүлкін қорғауға ерекше назар аударуды жалғастырамыз», - деді Алматы қаласы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Алматы Сейф Қоғамдық көлік ұрлық

Тақырыпқа жаңалықтар