Қазақстан жаңалықтары16 сәуір 2026, 16:34

Алматыда таңнан бері нөсер жауын жауып тұр

Қолайсыз ауа райына байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс тәртібіне ауысты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мамандардың мәліметінше, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Жұмысқа 100-ден астам арнайы техника, ондаған мотопомпа мен арнайы көліктер тартылды.

Су басу қаупі бар аумақтар бақылауға алынып, 75 жедел бригада жұмыс істеуде. Жалпы 2700-ге жуық қызметкер жұмылдырылған.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері жаңбыр жалғасып, найзағай күтіледі.

Алматы Нөсер жауын Ауа райы
28 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
29 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
29 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар