Қазақстан жаңалықтары24 наурыз 2024, 6:59

Алматыда «Тазару» жалпыұлттық акциясы өтті

«Тазару» жалпыұлттық экологиялық акциясына 1500 астам адам қатысты. Оның барысында 427 текше метр қоқыс шығарылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Эко-науқан барысында Кіші Алматы, Есентай, Үлкен Алматы, Қарғалы және Тастыбұлақ өзендерінің жағалауы мен арналарының аумағында су айдындарын тазарту және іргелес учаскелерді қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, алматылықтар қоқысқа арналған жәшіктер мен орындықтар сырлап, шағын сәулет нысандарын жуды.

Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы Түрксіб ауданының әкімдігімен бірлесіп Әуежай көлінің жағасында қаланың жасыл қорын сақтау және көгалдандыру мақсатында 100-ден астам ағаш отырғызды.

 

Алматы тазару акция

Тақырыпқа жаңалықтар