Алматыда үй иесін тонаған 2 адам ұсталды

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жәбірленушіге шамамен 30 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірнен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қылмыс күндізгі уақытта болған. Күдікті жәбірленушінің қол-аяғын байлап, зергерлік бұйымдары мен бағалы мүліктерін және ақшалай қаражатын қолды қылған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері қысқа мерзімде екі күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу әрекеттері кезінде ұрланған мүліктің едәуір бөлігі тәркіленді», — деп хабарлады Алматы қаласы ПД.

Ұсталғандар кінәларын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Алматы Ұры Қылмыс полиция

Тақырыпқа жаңалықтар