Астанада бейнебақылау камерасын бүлдірген ер адам 10 тәулікке қамалды
Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінде домофон мен бейнебақылау камерасын қасақана бүлдірген 46 жастағы ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Полицияның мәліметінше, ер адам мүлік иелері бірлестігінің (МИК) кеңсесі маңындағы бейнебақылау камерасын істен шығарып, домофон жүйесіне де зақым келтірген. Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері елордада бөтеннің мүлкін бүлдіру және бұзақылық жасағаны үшін 225 адам жауапқа тартылған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: