Қазақстан жаңалықтары4 қараша 2023, 0:21

Алматыда жаңа станция салынады

Алматыда БАҚ өкілдерімен кездескен энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мегаполистегі электр стансаларын жаңарту және отынмен қамтамасыз ету жұмыстары жайында айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бүгінгі күні қаланың электр және жылу энергиясына қажеттілігін Алматы ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3 жылу электр орталықтары, Қапшағай су электр станциясы, Каскад су электр станциясы өтеп отыр.

«Үш ЖЭО-ның барлығында қазіргі таңда жаңғырту және газға көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Алматы ЖЭО-1-де ауыстыру жобасы жалпы қуаты 225 МВт болатын бу-газ қондырғыларын орнату арқылы станцияны кеңейтуді көздейді. Жобаны іске асыру 2025-2028 жылдарға жоспарланған. Алматы ЖЭО-2-де қуаттылығы 557 МВт-қа дейінгі бу-газ қондырғысы базасында қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, станцияны жаңғырту және жаңа станция салу жобасы жүзеге асып жатыр. Алматы ЖЭО-3-ті ауыстыру жобасы жалпы қуаты 545 МВт бу-газ қондырғыларын орнатумен станцияны кеңейтуді көздейді», - деп атап өтті Алмасадам Сәтқалиев.

2026 жылдан бастап ЖЭО-2 мен ЖЭО-3-ті газға толық ауыстыру жұмыстары кезең-кезеңімен басталады.

Алматы Электр станциясы

Тақырыпқа жаңалықтар