Алматыда жер қозғалысын тіркейтін станциялар жеткілікті ме
Фото: Алматы әкімдігі
Almatı äkimi
Қазақстан жаңалықтары6 қараша 2024, 11:00

Алматыда жер қозғалысын тіркейтін станциялар жеткілікті ме

Алматы өңірінде 40-қа жуық сейсмикалық станциялар жұмыс істейді.Алайда, бұл станциялар саны мегаполис үшін жеткіліксіз.Бұл туралы Kazinform агенттігіне Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Елизавета Есенжігітова айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Спикердің сөзінше,сейсмикалық станциялар - жер қыртысының терең қабаттарында туындап,әртүрлі күшпен болатын дүмпулерді тіркейді. Станциялардан алынған деректер бойынша болған жер сілкінісінің параметрлері және оның қандай жағдайда туындағаны анықталады.

«Жер сілкінісіның күші неғұрлым жоғары болса жер сілкінісі тұралы толық қанды қажет мәліметтер алуға бірнеше станциялар жеткілікті.Жер сілкінісінің күші төмен болған жағдайда бірнеше станциядан алынған деректер жеткіліксіз.Шағын,әлсіз жер сілкінісітерін тіркеу сейсмикалық станциялардың санының көптігін қажет етеді.Шағын дүпулер жер астында болып жатқан сейсмикалық құбылыстардың туындау ерекшеліктері мен даму заңдылықтарын айқындауға мүмкіндік береді.Сондықтан тек құралдар арқылы тіркелетін шағын және әлсіз тербелістерді анықтау мүмкін болатын күшті жер сілкінісін болжауға өте қажет мәліметтер болып табылады», –дейді маман.

Сонымен қатар,ол Алматы өңірінің жер сілкінісіне өте қауіпті аймақ екенін ескерсек аймақта сейсмикалық станциялар саны көп болғаны абзал екенін атап өтті.

«Қазіргі кезде, Алматы өңірінде 40 сейсмикалық станция жұмыс істейді. Алайда, жоғарғыда айтқандай бұл станциялар саны Алматы аймағы үшін жеткіліксіз», – дейді Елизавета Есенжігітова.

 

Алматы Зілзала Жер сілкінісі станциялар

Тақырыпқа жаңалықтар