Қазақстан жаңалықтары15 қараша 2023, 11:00

Алматыда ЖРВИ жұқтырғандардың 60,6 пайызы — балалар

Алматыда жіті респираторлық вирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Өткен аптада 22 308 адам жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырса, тұмаудың расталған екі жағдайы тіркелді дейді Алматы .санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлім етті.

Эпидемилог ЖРВИ жұқтырғандардың 60,6 пайызы балалар екенін атап өтт.і

«Жіті респираторлық вирустық инфекциялардың басқа вирустары: риновирус, бокавирус, РС вирус, аденовирус, парагрипп, маусымдық коронавирустар айналымда жүр»,- деді ол.

Айтуынша, тұмаудың алдын алу мақсатында қалада 25 қыркүйектен бастап «тәуекел тобындағы» адамдардың (медицина қызметкерлерін, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балаларды, алты айдан асқан көп ауыратын балаларды, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, сәбилер үйлері балаларын, жүрек-қантамырлық жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар адамдар, және эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушылар, жүктіліктің 2-ші немесе 3-ші триместрінде жүкті әйелдер) тұмауға қарсы вакцинация басталды.

Жеке меншіктегі медициналық орталықтарда өз есебінен егілгісі келген басқа тұрғындарға және әртүрлі салаларда еңбек ететіндерге жұмыс берушілер есебінен тұмауға қарсы екпе жүргізілуде.

 

 

Алматы ЖРВИ Көрсеткіш вакцинация

Тақырыпқа жаңалықтар