Алматыдағы метрода 3 жаңа станция пайда болады

Алматыдағы метро құрылысы жалғасып жатыр. Жаңа тармақ бес шақырымға созылып, 3 станцияны қамтиды, деп хабарлайды Arbat.Media.

3 станция Наурызбай ауданы әкімдігі ғимаратының жанында, Алатау және Төле би көшелерінің қиылысында және «Барлық» базарының жанында орналасада. Сонымен қатар ауданда автовокзал, ЛРТ желісі және автотұрақтары бар ірі көлік торабын құру жоспарлануда.

«Қалқаман» станциясындағы жұмыстар 75 % орындалған. Есептеулер бойынша оны күн сайын 100 мыңнан астам жолаушы пайдалана алады. Бас мердігер нысанды мерзімінен бұрын тапсыруды жоспарлап отырған көрінеді.

«Қараша айында инженерлік және әрлеу жұмыстары басталады. Құрылысты 2026 жылдың қаңтарында аяқтау жоспарлануда», - деп нақтылады әкімдік.

Алматы метро Наурызбай Аудан

Тақырыпқа жаңалықтар