Қазақстан жаңалықтары22 қазан 2023, 13:45

Алматыдағы скверге Ататүрік атауы беріледі

Алматыда  атауы жоқ скверге Ататүріктің есімі берілуі мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Алматы қаласы, Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылының оңтүстігі, С.Сейфуллин даңғылының шығысы мекенжайындағы, «Халық банкі» мен Almaty Theatre ғимараттарының арасындағы атауы жоқ скверге «Ататүрік сквері» атауы берілсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған әкімдік пен қала мәслихатының бірлескен шешім-жобасында.

Құжат қала әкімі мен мәслихат төрағасы қол қойып, алғашқы ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп күшіне енеді.

Шешім-жобасы 3 қарашаға дейін көпшілік талқылауда болады.

 

Алматы Сквер Ататүрік

Тақырыпқа жаңалықтар