Қазақстан жаңалықтары30 қараша 2023, 11:18

Алматыдағы хостел өртіне қатысты қылмыстық іс тіркелді

Хостелдегі өрттің шығу себептерін тексеру үшін министр генерал-майор Сырым Шәріпхановтың басшылығымен ТЖМ-ның жедел тобы оқиға орнына аттанды, - деп хабарлайды Arbat.media

Бұл туралы Kazinform Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап ариялады. 

Алдын ала мәліметтер бойынша өрт ошағы жертөленің дәлізінде болған.

Өрт орнында Алматы қаласы ТЖД өрт сынау зертханасының анықтаушылары мен мамандары жұмыс істеп жатыр.

Бұл объект бір жарым ай бұрын хостел ретінде қайта жабдықталған. Хостелдің ауданы – 457 шаршы метр.

Алматы қаласы ТЖД өрттің осы фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді.

Еске салайық, бүгін таңертең Алматыда болған өрт салдарынан 13 адам көз жұмды, екеуі ауруханаға жеткізілді. 59 адам шұғыл эвакуацияланды. 56-сы жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды. Мұндағы тұрғындардың дені — шет мемлекеттердің азаматтары. Ола — студенттер мен жалдамалы жұмысшылар.

Алматы Өрт Хостел Қылмыстық іс

Тақырыпқа жаңалықтар