Алматылық дәрігерлер құрсағы жарылған әйелдің өмірін сақтап қалды
Алматыда дәрігерлер құрсағы жарылған әйелді аман алып қалды, - деп хабарлайды Arbat.media
Алматыдағы №7 аурухананың дәрігерлері жатыры жарылған 32 жастағы әйелдің жанын аман алып қалды.
Науқас С. клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне өте ауыр, есінен танып қалған жағдайда жеткізілді. Науқас дәрігерлердің сұрақтарына жауап бере алмай, ауру тарихы жұбайының сөзінен жинақталды. Жүкті әйелдің ішінен төмен жағы қатты ауырып, бірнеше рет есін жоғалтыпжағдайы нашарлаған соң, жедел жәрдем шақырған. Дәрігер дереу алдын ала жүктілігі 24 апта деп анықтады.
Жүкті әйелге босану кезінде және босанғаннан кейінгі акушер-гинекологиялық көмек көрсету бойынша барлық хаттама толтырылып, стандарттарға сәйкес, оған барлық білікті көмек дер кезінде көрсетілді.
Ота үш сағаттан астам уақытқа созылды.
Жас келіншектің өмірі үшін акушер–гинекологтар, реаниматологтар, қан тамырлары хирургтары барынша күресті.
Науқас екінші рет дүниеге келді деп айтуға болады.