Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды

Сайран көліне құятын Үлкен Алматы өзенінің арнасында интерактивті арт-нысан бой көтерді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, жобаға бюджет қаражаты жұмсалмаған. Нысан «Progression CA» ЖШС қаражатына салынды.

«Композиция әлемде кең резонанс тудырған итті құтқару оқиғасына негізделген. Мүсінде бір-біріне қол ұшын созып, тізбек құра біріктірілген адамдар бейнеленген. Ол өзара көмек пен қолдауды бейнелейді», деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігі.

Нысан наурыз айының соңында ресми түрде ашылады.

Алматы сайран көл Адам
Кеше, 13:37 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар