Амнезиясы бар кейуананы алты күн бойы іздеп жатыр
Павлодар облысында амнезиямен ауыратын қарт әйелді алты күн бойы іздеп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Костынюк Надежда 1949 жылы туған. Ол 4 қарашада үйден шығып, содан бері үйге оралмаған, ұшты-күйлі жоқ, қай жерде екені әлі белгісіз.
Әйел амнезиямен ауырады, мезгіл-мезгіл есте сақтау қабілетін жоғалтады, бұрын үйден кетіп қалған, бірақ табылған.
4 қарашадан бастап полиция қызметкерлерінен басқа іздестіру іс-шараларына ТЖ қызметкерлері, кинологиялық қызмет, Vita еріктілері және бейжай қарамайтын ауыл тұрғындары жұмылдырылды.
Іздеу үшін ұшу аппараттары (дрондар) мен тікұшақ қолданылуда, - деді Павлодар облысы Успен ауданы полиция бөлімінің бастығы Асқар Аралбаев.
Бұл аймақта Ресейге апаратын жолдар жақын, сондықтан полицейлер әйелдің Павлодар облысынан тыс жерлерге шығуы мүмкін деп ойлайды.
Әйелдің киімі: сары күрте, басында қызыл түсті тоқылған қалпақ, резеңке галош.