Анасы үй тапсырмасын орындамаған қызын пышақтап тастаған
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары20 қыркүйек 2024, 10:00

Анасы үй тапсырмасын орындамаған қызын пышақтап тастаған

Үй тапсырмасын орындамаған 11 жастағы оқушыны анасы пышақтап тастады. Жарақат алған қыз Петропавлдағы ауруханаға жатқызылды. Қазір осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды , - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы КТК телеарнасы жазады.

Асқар Мұхаметқалиев, СҚО ПД бастығының орынбасары:

— Аталған факті, кәмелетке толмаған адамның денсаулығына қасақана зиян келтіру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қылмыс Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлихан ауданы, Өндіріс ауылында болған. Көпбалалы ана 11 жасар қызын сабағын дұрыс оқымай, дәптерін ұқыпсыз ұстағаны үшін пышақтап тастаған.

Жарақат алған баланың өмірін құтқарып қалу үшін облыс орталығынан 500 шақырым жердегі ауылға арнайы тікұшақ жіберіліпті.

Дереу ауруханаға жеткізілген балаға ота жасалып, науқас бір тәуліктен кейін есін жиған.

Александр Госсман, СҚО көпбейінді облыстық балалар ауруханасы директорының міндетін атқарушы:

— Ауруханаға сәтті жеткізілді. Балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр болғанымен, өзін жақсы сезінеді. Оттегі баллондарынсыз, өзі еркін тыныстап жатыр, есін біледі, біртіндеп жақсарып келеді. 24 сағат бойы дәрігерлердің бақылауында.

Петропавл қызын пышақтаған 11 жастағы оқушы қыз Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар