Қазақстан жаңалықтары28 желтоқсан 2023, 9:00

Ақмола облысында бірнеше көлік соқтығысты

Ақмола облысының «Астана-Петропавл» тас жолының 255 шақырымында бірнеше көлік соқтығысты, зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Arbat.media.

Аумақтық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Бурабай курорты аумағында жол ақысы төлейтін терминалдан 10-15 шақырымда болған.

Астана бағытындағы КамАЗ жүк көлігінің 31 жастағы жүргізушісі жол-метеорологиялық жағдайды ескермей алда кетіп бара жатқан Toyota Camry жеңіл көлігіне соқтығысқан.

«Салдарынан тағы үш КамАЗ жүк көлігі мен үш жеңіл көлікке зақым келді. Түрлі дене жақаратымен «Авиценна-Бурабай» ЖШС ауруханасына КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі мен жеңіл көліктің екі жолаушысы жеткізілді», - деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары ақмолалықтарды жолға шыққанда абай болуға шақырады.

Ақмола облысы Көлік Апат
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
19 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар