Ақмола облысында жоғалып кеткен зейнеткердің мәйіті табылды
Ақмола облысында пансионаттан шығып, жоғалып кеткен зейнеткердің мәйіті табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
77 жастағы зейнеткер 18 сәуір күні пансионаттан белгісіз жаққа шығып кеткен.
Полиция мәліметінше, қарияның мәйіті 20 сәуірде табылды.
Қылмыстық іс қозғалды.
«Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», - дейді департаменттегілер.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүріп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: