Ақмола облысындағы браконьерлердің жасаған ісі елдің жағасын ұстатты

Бурабай паркі аумағында 178 келі заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ақмола облысының полицейлері Бурабай ұлттық табиғи паркінің аумағында заңсыз балық аулаған браконьерлерді ұстады.

7 маусым күні түнгі рейд жүргізілген. Жүкей көлі маңында «ГАЗель» және «Аudi 80» көліктері тоқтатылып, жүк көлігінен резеңке қайықтар мен тор тәркіленді.

Көлікте болған азаматтар Қарағанды, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласынан келгені анықталды. Заңсыз ауланған 178 келі тұқы сол жерде анықталып, тәркіленді.

Осы дерек бойынша ҚК 335-бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақмола Бурабай Балық Сауда

Тақырыпқа жаңалықтар