Қазақстан жаңалықтары1 қараша 2023, 17:00

Ақпараттық қауіпсіздік туралы заң жобасы Сенат қарауына жіберіледі

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы Мәжілістің екінші оқылымында қаралып Сенаттың қарауына ұсынылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Аталған заң жобасы биыл 27 қыркүйекте бірінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасымен жұмыс барысында Мәжілісте бірқатар толықтыру енгізілді. Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі енгізілді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті бақылаушы орган. Азаматтарға банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу құқығын беру. Тыйым салуды «электрондық үкіметтің» жеке кабинетінде белгілеуге болады», - деді ҚР Парламенті Мәжілісі экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Екатерина Смышляева. 

Депутаттың баяндауынша, ерікті бас тарту туралы ақпарат қарыздарды мақұлдау кезінде ескеріледі. Бұл үшінші тұлғалардың банктік қарыздар мен микрокредиттер алуын болдырмауға мүмкіндік береді. 

Дербес деректерді қамтитын базалардың меншік иелері мен операторларының бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы хабарлау міндеті енгізіледі. 

«Азаматтар өздерінің дербес деректерімен жасалған барлық операция туралы жеке кабинеттегі хабарламалар немесе смс арқылы біледі. Сонымен қатар депутаттар заң жобасының жекелеген нормаларын нақтылайтын және мазмұнын жақсартатын түзетулерді енгізді. Заң жобасы бойынша тоқсан жеті түзету келіп түсті. Олар жұмыс тобының және комитеттің кеңейтілген отырыстарында қаралды. Қорытынды салыстырмалы кесте қабылданған қырық алты позициядан тұрады», - дейді ол. 

Ақпараттық қауіпсіздік туралы Заң сенат

Тақырыпқа жаңалықтар