Қазақстан жаңалықтары19 қазан 2023, 14:07

Ақтау түркі әлемінің мәдени астанасы болады

Қазақстанның халықаралық ТҮРКІСОЙ ұйымының өкілі Бақытжан Омаров2025 жылы Ақтау түркі әлемінің мәдени астанасы болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Әзербайжанның Шуша қаласында өткен аталған ұйымға мүше мемлекеттердің мәдениет министрлері бас қосқан жиында осындай шешім қабылданды.

«Жиында Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан және Өзбекстан, Солтүстік Кипр, Түркия өздерін ұсынды. Бірақ көпшілік дауыспен Қазақстанның Ақтау қаласы жеңіп шықты. Түркі әлемінің театр фестивалі, суретшілер басқосуы, яғни түркі әлеміне қатысты мәдени шаралардың бәрі Ақтау қаласында өтеді. Мәдени астананың ашылуы мен жабылу салтанатына үлкен концерт ұйымдастырылады. 2024 жылдың басында өтетін ТҮРКІСОЙ ұйымының 41-отырысында Ақтау қаласының әкімшілігі жиынға келіп, өзінің таныстырылымын жасауы тиіс», –деді Бақытжан Омаров.

 

Ақтау түркі әлемі мәдени астана

Тақырыпқа жаңалықтар