Ақтауда бассейнге құлаған 5 жастағы қыз жансақтау бөлімінде жатыр

Ақтауда бассейнге құлаған 5 жастағы қыз жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға 15 шілде күні демалыс базаларының бірінде болған.

Маңғыстаулық құтқарушылардың хабарлауынша, бала ата-анасының қарауынсыз қалып, абайсызда тереңдігі 1,5 метр болатын бассейнге құлаған.

Кезекші құтқарушы оның суға бата бастағанын байқап қалып, көмекке барған. Ол баланы судан алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер баланың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Бассейн Бала батты Аурухана

Тақырыпқа жаңалықтар