Ақтауда есірткі жарнамалаған тұрғын түрмеге қамалды
Ақтауда Telegram арқылы психотроптық заттарды насихаттайтын парақшалар таратып, ғимараттарға граффити салған азамат сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ол кезекті жарнаманы таратып жүрген сәтте полиция қызметкерлеріне ұсталған.
Сот шешімімен күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 299-1-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Прокуратура өкілдері есірткіге қатысты мұндай жазбалар шығармашылық емес, қылмыстық әрекет екенін ескертіп, тұрғындарды күмәнді табыс көздерінен аулақ болуға шақырды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: