Ақтөбе облысында 376 адам із-түзсіз жоғалған
Ақтөбе облысында жыл басынан бері 376 адам із-түзсіз жоғалған (оның 161-і — кәмелетке толмағандар), деп хабарлайды Arbat.Media.
Полиция департаментінің мәліметінше, олардың басым бөлігі табылған. Қазір тек 10 жастағы бала әлі іздестіріліп жатыр.
Осы ретте қоғамда жиі айтылатын «адам жоғалса, үш тәулік күту керек» деген түсінік бар. Алайда полиция мұны жоққа шығарып отыр.
Мұндай жағдайда уақыт жоғалтпай полицияға бірден арыз жазған жөн.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: