Қазақстан жаңалықтары18 қараша 2023, 14:10

Ақтөбеде апалы-сіңлілі оқушылар табылмай жатыр

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бесқұдық ауылынан шығып кеткен екі оқушы қыз кешеден бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Полициямен қатар оларды еріктілер де іздестіріп жатыр.

Қобда ауданы Бесқұдық ауылынан шыққан 13 жастағы Диляра Қалиева мен оның апасы Назым Қалиева кешеден бері табылмай жатыр. Олар Хромтаудағы әжемізге барамыз деп кетіп қалған.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, Қобда аудандық полиция бөлімінен 15, Ақтөбе облыстық полиция департаментінен 12 қызметкер мен еріктілер жұмылды.

Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сонымен бірге Хромтау полициясы да іздеуге көшті.

- Қобда ауданы Бесқұдық ауылындағы анасынан Хромтауда тұратын әжемізге барамыз деп кетіп қалған. Бұрын олар әжесінің қолында тәрбиеленген. 8-9 сынып оқушылары, - деді облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Әзірге олар Хромтауға жетпеген.

Ақтөбе апалы-сіңлілі уздеу Оқушылар

Тақырыпқа жаңалықтар