Ақтөбеде әріптесін өлтірген ер адам сотталды

Ақтөбеде сот 32 жастағы ер адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тергеу мәліметінше, ол әріптесін қала сыртына алып шығып, 7,7 миллион теңге көлемінде несие алуға мәжбүрлеген. Кейін ер адамды тұншықтырып өлтіріп, денесін көмген.

Сот айыпталушыны кісі өлтіру және қорқытып алу баптары бойынша кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қылмысты жасыруға көмектескен танысы 3 жыл 2 айға сотталды.

Сондай-ақ сот шешімімен айыпталушы марқұмның отбасына 10 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Ақтөбе сот әріптес Заң

Тақырыпқа жаңалықтар