Ақтөбеде аяғы ауыр әйел отырған жедел жәрдем көлігі аударылып қалды
Ақтөбеде аяғы ауыр әйел отырған жедел жәрдем көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Полиция мәліметінше, жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көлік соқтығысқан.
Салдарынан ол бір бүйірге аударылған.
Дәрігерлер жүктіліктің 39-шы аптасындағы әйелді ауруханаға алып бара жатқан.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, дәрігерлер оның жағдайын бақылап отыр.
Ал жедел жәрдем қызметкерлерінің жағдайы – қанағаттанарлық.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: