Ақтөбеде мешітте қызға орынсыз сөз айтқан ер адамға қатысты ҚМДБ мәлімдеме жасады

Ақтөбеде мешітте қызға орынсыз сөз айтқан ер адамға қатысты ҚМДБ мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарында Ақтөбе қаласындағы мешіт ауласында болған оқиғаға қатысты түрлі пікірлер таралуда.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қыз балаға орынсыз сөз айтқан азаматтың әрекетін айыптайды.

ҚМДБ жамағатты сабыр мен парасаттылыққа шақырып, жалған ақпарат пен арандатушылық әрекеттерге ермеуге үндейді.

Қоғамда бейбітшілік пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.

Ақтөбе ҚМДБ шешім Мәлімдеме

Тақырыпқа жаңалықтар