Placeholder Ақтөбеде тоғыз жасар бала ауладағы әткеншектен құлап мерт болды
ФОТО: КТК
КТК
Қазақстан жаңалықтары20 қыркүйек 2024, 11:00

Ақтөбеде тоғыз жасар бала ауладағы әткеншектен құлап мерт болды

Ақтөбеде тоғыз жасар бала қатты тербеліп тұрған әткеншектен құлап мерт болды. Ойын алаңында болған ересектер есінен танған балаға көмек бере алмаған. Жедел жәрдем келгенше жүрегі соғып тұрғанымен, баланы аман алып қала алмапты. Қазір тәртіп сақшылары осы осы оқиғаға қатысты тексеру жүргізіп жатыр. Әткеншектің де сапасын қарайтын болады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы КТК телеарнасы жазады.

Қайғылы оқиға Есет батыр тұрғын үй алабындағы көпқабатты үйлердің ауласында болған. Баланың екпінмен құлаған сәті бақылау камерасына түсіп қалған. Оқушы бір тұрып, одан соң есінен тана құлайды. Жедел жәрдемді сол жердегілер шақырып, ол жеті минутта жеткенімен, баланы аман алып қала алмаған. Баланың басы жарылып, мойын омыртқасы сынып кеткен.

Гүлмараш Балмағанбетова, Ақтөбе облысы жедел жәрдем бекеті бас дәрігерінің орынбасары:

— Диагнозы: бастың ашық жарақаты, оң жақ қабырғасы сынған. Гемоторакспен, өмір сүру мүмкіндігі жоқ жарақат. Өміріне қауіп әкелетін жарақаттар.

Оқыс жағдайда мерт болған 9 жасар Абат — үйінің тұңғышы. Арбаға таңылған анасының қолғанаты. Ойнап келуге жарты сағатқа анасынан сұранып шыққан бойда әткеншекке отырған. Артында әткеншекте тербетіп тұрған бала екпінді тым күшейтіп жіберген.

Әлия Сағындықова, баланың анасы:

— Арғы үйге кетіп қалды, жиырмасыншы үйге. Қатты тербеткен ғой, ұшып түскен, Үстіне мініп тербеткен, бір бала, «қой» дегенді түсінбей. Әрі қарай ұшырып жіберген. Тұрған да, қайтадан құлаған ...

Оқушы мерт болған ойын алаңы қоршауға алынбады. Қазір балалар сол жерде ойнап жүр. Бірақ қайғылы оқиғаға қатысты тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғаған. Әткеншектің сапасын тексеріп, қаншалықты қауіпті екенін анықтамақшы. Тек сараптама қортындысынан кейін жауаптылар белгілі болады.ktk.

тоғыз жасар бала өлім Ақтөбе әткеншек

Тақырыпқа жаңалықтар