Ақын Күләш Ахметова дүниеден өтті
Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Күләш Ахметова 79 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Күләш Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда туған. Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген. 1961 жылы Жамбыл медициналық училищесін, 1973 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ін тәмамдаған.
Ақын қазақ поэзиясында нәзік лирикасымен, азаматтық асқақ үнімен есте қалды. Ол өзінің шығармашылығымен ұлттық руханиятқа өлшеусіз үлес қосты.
Күләш Ділдәқызының «Ақ гүлім менің», «Сен менің бақытымсың», «Бұлақтағы жұлдыздар», «Мейірім», «Жапырақ – жаздың жүрегі» сияқты жыр жинақтары бар.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: