Қазақстан жаңалықтары8 желтоқсан 2023, 14:26

ArcelorMittal «Қазақстан халқына» қорына 16 млрд теңге аударады

ArcelorMittal «Қазақстан халқына» қорына 16 млрд теңге аударады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкіметте өткен брифингте айтты.

ҚР Үкіметі мен ArcelorMittal корпорациясы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ны Қазақстанға беру туралы мәмілеге келді. Онда Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Әділет министрлігі өкілдерінен құралған келіссөздер тобы ArcelorMittal компаниясын «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорын қолдау үшін 16 млрд теңге көлемінде жарна жасауға көндірді.

«ArcelorMittal компаниясынан қорға түсетін қаражат Қарағанды облысы тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге және денсаулық сақтау, білім беру саласындағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бағытталады. Сондай-ақ бұл соманың 50%-ы Теміртау қаласына жұмсалады, қалғаны Қарағанды облысына жұмсалады», — деді Өнеркәсіп министрі.

Бүгін «АрселорМиттал Қазақстанның» жаңа инвесторы анықталды.

Жаңа инвестор — қазақстандық бизнесмен Андрей Лаврентьев. Ол 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. «Allur Group» компаниялар тобының Директорлар кеңесінің төрағасы, оның құрамында «Агромашхолдинг» және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС бар. Компаниялар тобы Chevrolet, KIA, JAC және LADA автобрендтерінің Қазақстан аумағындағы ресми өндірушісі және дистрибьюторы.

Сондай-ақ, «АрселорМиттал Теміртаудың» атауы «Қармет» деп өзгеруі мүмкін.

ArcelorMittal Қазақстан халқына 16 млрд теңге

Тақырыпқа жаңалықтар