Арнайы операция: Қылмыстық топтың 33 мүшесі қолға түсті
Ұйымдасқан қылмыстық топтарды ұстауға бағытталған арнайы операция барысында қанша адамның қолға түскені белгілі болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, Бас прокуратура, ҚР Ұлтық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Ішкі істер министрлігі бірігіп жүргізген арнайы операция барысында ұсталғандар саны 30 адам болып отыр.
Биылғы жылдың қыркүйек айында ҚР ҰҚК-нің қызметкерлері Маңғыстау облысында тұрғындардан ақша бопсалаумен айналысып жүрген қылмыстық топ мүшелерін ұстағаны белгілі. Сондай-ақ олар комитет қызметкеріне шабуыл жасаған.
Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау операциясы әлі жалғасуда.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: