Қазақстан жаңалықтары8 желтоқсан 2023, 12:15

«АрселорМиттал Қазақстанның» жаңа инвесторы анықталды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ мемлекет меншігіне қайтару келіссөздері аяқталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

АМТ екі кәсіпорнының құны 286 млн долларға бағаланған. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жаңа инвестордың кім екенін мәлімдеді.

Жаңа инвестор – қазақстандық бизнесмен Андрей Лаврентьев. Ол 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. «Allur Group» компаниялар тобының Директорлар кеңесінің төрағасы, оның құрамында «Агромашхолдинг» және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС бар. Компаниялар тобы Chevrolet, KIA, JAC және LADA автобрендтерінің Қазақстан аумағындағы ресми өндірушісі және дистрибьюторы.

 

Андрей Лаврентьев АрселорМиттал Қазақстан жаңа инвестор

Тақырыпқа жаңалықтар