Қазақстан жаңалықтары1 қараша 2023, 23:37

"АрселорМитталды" қайта жаңғыртуға бюджеттен қаржы бөлінбейді

"АрселорМиттал" компаниясымен келісім үзілгеннен кейін компания қызметін модерзациялау жұмысына бюджеттен қаржы бөлу жоспарда жоқ, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлім етті.

«АрселорМиттал компаниясын Қазақстан Республикасына беру шарты туралы егжей-тегжейлі жария ете алмаймыз. Алдын ала келісімге сәйкес біз қазір олай істей алмаймыз. Біз мәмілені аяқтағаннан кейін ресми түрде жарияланады. Бұл бір айдың ішінде болады. Алдын ала келісім бойынша біз барлық заңдастыру процедурасын 30 қарашаға дейін аяқтауымыз керек. Содан кейін барлық ақпарат қолжетімді болады», - деді Әлихан Смайылов.

Әлихан Смайылов жеке инвесторды тарту керектігін айтты.

Бұған дейін Үкімет басшысы Костенко шахтасындағы апатқа кінәлілердің жауапқа тартылатыны туралы айтқан еді. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. 

АрселорМиттал Әлихан Смайылов бюджет Қаржы

Тақырыпқа жаңалықтар