Ас беру кезінде газ баллоны жарылып, үш адам мерт болды
Videoskrin
Videoskrin

Ас беру кезінде газ баллоны жарылып, үш адам мерт болды

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Сабынды ауылындағы бұрынғы мешітте ас беру кезінде газ баллоны жарылып, 3 адам мерт болды және 16 адам зардап шекті. Оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары барды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қорғалжын ауданындағы оқиға орнына Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Ердос Рамазанов барды. Жергілікті атқарушы органдар барлық қажетті көмек көрсетеді», - деген хабар алдық облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Ақмола облысында бұрынғы мешітте ас беру кезінде газ баллоны жарылып, үш адам мерт болды. Зардап шеккен 16 адам Астана қаласына ауруханаға жеткізілді. 

Ақмола облысы Сабынды мешіт жарылыс Қоржалжын

Тақырыпқа жаңалықтар