Асан Үмбетов «ҚТЖ-Жүк тасымалы» бас директоры қызметіне орнықты

Қызметтік кеңесте ауыр сөз айтып, жұмыстың сапасыздығына налыған Асан Үмбетов лауазымды қызметке орналасты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Асан Үмбетов 1983 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын темір жол инженері (локомотивтер) мамандығы бойынша бітірген.

Теміржол саласында 20 жылдан астам еңбек етіп келеді. Ол еңбек жолын тепловоз машинисінің көмекшісі болып бастап, басшылық қызметтерге дейін көтерілді.

2022 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС локомотивтерді пайдалану департаментінің атқарушы директоры болып тағайындалды. 2023 жылдан бері компанияның локомотив шаруашылығы жөніндегі бас директордың орынбасары қызметін атқарып келеді.

 

Асан Үмбетов ҚТЖ танымал лауазым

Тақырыпқа жаңалықтар