Астана-Щучинск тас жолында жеңіл көлік бұланмен соқтығысты

Астана-Щучинск тас жолында жеңіл көлік бұланмен соқтығысты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға 21 мамырда тас жолдың 95-ші шақырымында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 52 жастағы Hyundai Tucson жүргізушісі кенеттен жолға шыққан жабайы жануарды қағып кеткен.

Оқиға салдарынан көліктегі екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Полиция жануарлардың көші-қон маусымының басталуына байланысты жүргізушілерге жолда жылдамдықты сақтау және көліктерінің техникалық жағдайын қадағалауды еске салады.

Астана бұлан Көлік Апат

Тақырыпқа жаңалықтар