Астана-Теміртау жолында жаңа лазерлік ескерту жүйесі сынақтан өткізіліп жатыр
Астана-Теміртау жолында жаңа лазерлік ескерту жүйесі сынақтан өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қарағанды облысына қарасты Астана-Теміртау республикалық маңызы бар автомобиль жолының 1402 шақырымы, яғни Ошағанды ауылының маңында алғаш рет инновациялық белсенді лазерлік ескерту жүйесі сынақ режимінде іске қосылды. Аталған жүйе түнгі уақытта қозғалыс қауіпсіздігін арттыру мақсатында орнатылып отыр.
Мамандардың дерегіне сүйенсек, жүргізушілердің лазерлік сигналдарға жауап қайтару уақыты дәстүрлі жол белгілеріне қарағанда бірнеше есе жылдам. Мұндай технология енгізілген учаскелерде апат көрсеткіші 40-50 пайызға төмендеген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: