Астанада 3 жасар қыздың қазасына кінәлі адамға үкім шықты

Астанада 3 жасар қыздың қазасына кінәлі азамат сот залынан босатылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бүгін Dent Park Ortho клиникасындың анестезиолог маманы Аида Жұмағалиеваға үкім шықты. Сот дәрігерді кінәлі деп танығанымен, амнистияға байланысты жазадан босатты. Оған екі жылға бас бостандығынан айыру және үш жыл мерзімге медициналық қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алайда Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылыққа ілініп, жазасын өтеуден босатылды.

Айта кетейік, Астанада өткен жылы 30 қазанда 3 жасар қыз тіс емдетіп жатып көз жұмған еді.

 

тіс ем Аурухана науқас

Тақырыпқа жаңалықтар