Қазақстан жаңалықтары22 желтоқсан 2023, 13:14

Астанада 3-ЖЭО мен екі газ жылу станциясы іске қосылды

Астанада ЖЭО-3-тің бірінші кезегінің және екі газ жылу станциясының құрылысы аяқталды. Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қаланың алғаш рет жылыту кезеңіне үлкен профицитпен кіргенін айтып отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Инженерлік инфрақұрылым бойынша жаңа аудандарды жеткілікті жылу қуатымен қамтамасыз ету үшін 3-ші жылу электр станциясының бірінші кезегінің, Тұран және Оңтүстік-шығыс газ жылу станцияларының құрылысы аяқталды. Бұл – қосымша 1130 гкал жылу қуатын қамтамасыз етті. Мысалы, бір апта бұрын -32-33 градус аяз болғанда қала шамамен 3 мың гкал жылу пайдаланды, бізде резервте шамамен 600-700 гкал қалды», - деді әкім бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Қала басшысы соңғы жылдары алғаш рет жылыту кезеңіне үлкен профицитпен кіргенін атап өтті.

«Келесі жылы бірінші кезекте Тельман газ жылу станциясын, екінші кезекте Тұранды пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Бұл бізге қосымша шамамен 800 гкал жылу береді. Жылыту нысандарын әрі қарай салу, ЖЭО қуатын кеңейту жұмыстары жалғасады», - деді спикер.

А

Астана ЖЭО газ жылу станциясы Құрылыс

Тақырыпқа жаңалықтар