Астанада Алаш тас жолындағы көпір ашылды
1 қыркүйектен бастап Алаш тас жолындағы көпір арқылы қозғалыс толық қамтамасыз етіледі. Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшылығының мәліметінше, бұған дейін көпірдің сол жағындағы қозғалыс жөндеу жұмыстарына байланысты автокөлік құралдары үшін жабылған болатын. Бүгінде тиісті жұмыстар толығымен аяқталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Еске сала кетейік, бұған дейін бүгін және ертең Астанадағы Бөкейхан-Керей мен Жәнібек хандар көшелерінің қиылысы толық жабылатынын хабарлаған едік.
Сондай-ақ 29 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Мәңгілік ел мен Сарайшық қиылысындағы жолайрық жабық болады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: