Қазақстан жаңалықтары19 маусым 2024, 15:00

Астанада балабақшалар екі күн жұмыс істемейді

3-4 шілде күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Осыған байланысты елордадағы балабақшалар екі күн бойы жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Астана қалалық білім басқармасы ақпаратты растады.

«Қазақстанның Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктерінің хатына байланысты елордада 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді», делінген білім басқармасы таратқан хабарламада.

Бұған дейін Ақорда Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың көптеген өзекті мәселесі талқыланатынын мәлімдеген еді.

Азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында, әсіресе жолдарда кептеліс болмас үшін 2-4 шілде аралығында мемлекеттік мекемелерге және квазимемлекеттік секторларға қызметкерлерінің 70%-ына дейін қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылады. Сол сияқты 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істемейді.

Бұл – ірі халықаралық іс-шараларды өткізу барысында күшейтілген қауіпсіздік шаралары қабылданатын және азаматтарға ыңғайлы болу үшін ішінара қашықтан жұмыс істеу тәртібі енгізілетін әлемдік тәжірибе.

 

Астана Балабақша жұмыс істемейді

Тақырыпқа жаңалықтар