Астанада биыл 5 мыңнан астам ата-ана жауапқа тартылды

Елордада жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың түнде ересектерсіз көшеде жүруіне жол берген 5 324 ата-ана мен заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Polisia.kz мәліметінше, кезекті түнгі рейд барысында полиция 12–16 жастағы жасөспірімдерді тұрғын үй кешенінің маңында ересектерсіз жүрген жерінен анықтап, оларды ата-аналарына тапсырды.

Полиция Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандарға түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуға тыйым салынатынын еске салады.

Түнгі рейд Жасөспірім елорда Заң

Тақырыпқа жаңалықтар