Астанада коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеуде
Астанада қалың қар жауып жатыр. Ауа райының қолайсыздығына байланысты елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшіп, қаланы тазалау жұмыстарын тәулік бойы жүргізуде, деп хабарлайды Arbat.Media.
Таңғы уақыттан бастап көше-жол желісін тазалауға шамамен 3 мың жол жұмысшысы мен 1 400-ден астам арнайы техника жұмылдырылған.
Қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолдар мен тротуарларға көктайғаққа қарсы материалдар себілуде. Қыс мезгілі басталғаннан бері шамамен 4 мың тонна техникалық тұз пайдаланылған.
Қаланы тазалау және өңдеу жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: