Астанада құрылысшылар бір пәтерді екі реттен сатқан
Астанада құрылыс компаниясының қызметкерлері «Qyran» тұрғын үй кешенінің пәтерлерін екі рет сатып, азаматтарды тақырға отырғызды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қызметкерлер «International Invest Company IIC» ЖШС-нің атынан пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды және тұрақ орындарын нарықтық құнынан төмен бағамен сатып алуды ұсынған.
Күдіктілер сатып алу-сату шарттарын жасасудың орнына мемлекеттік тіркеуге жатпайтын брондау шарттарын қолданған. Жәбірленушілер алаяқтарға алданып қомақты қаражаттыран айырылған. Компания қызметкерлерінің қылмыстық әрекетінен шығын 8 млрд теңгеден асқан.
Үш күдікті қамауға алынып, тағы бірі «кепіл» қолдану арқылы босатылған. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: