Қазақстан жаңалықтары6 қараша 2023, 13:00

Астанада шетел инвесторының мектеп салуына кедергі жасаған

Астанада жергілікті органдар шетел инвесторының 2700 орындық мектеп салуына кедергі жасаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Шетелдік инвестор астанада 150 жұмыс орнын құра отырып, 2700 оқушыға арналған мектеп салмақ болған.

Жалпы инвестиция көлемі - 19 млрд теңге.

Алайда Sabis халықаралық мектебін салуға жергілікті органдар кедергі жасап келген, деп хабарлады Астана прокуратурасы. 

Уәкілетті орган ұзақ уақыт бойы инвестициялық жобаны іске асыруға қажет Нұра-Есіл каналында су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеу жөнінде рұқсат құжатын бермеген.

Астана қаласының прокуратурасы қабылдаған шаралардан кейін инвестор мәселесі шешілді.

Астана шетелдік инфестор Мектеп кедергі
18 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 13:37 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар