Астанада Жеңіс күніне арналған отшашу болады
Астанада 9 мамыр – Жеңістің 80 жылдығына орай мерекелік отшашу ұйымдастырылады, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы қалалық әкімдік мәлімдеді.
Фейерверк 9 мамыр күні сағат 22:00-де екі негізгі локациядан атылып, елордалықтар мен қонақтарға жарқын әсер сыйламақ:
- Ботаникалық бақ аумағы;
- «Атырау» көпіріне жақын орналасқан алаң.
Әрбір алаңда шамамен төрт мыңға жуық отшашу атылады. Мерекелік шараны ұйымдастыруға демеушілер қаржы бөлген.
Астаналық әкімдік тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және отшашуды арнайы белгіленген орындардан тамашалауға шақырды. Жарқыраған фейерверк бейбіт өмір мен қаһармандар ерлігінің нышанына айналмақ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: